Бал ара шаруашылығы туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 12 наурыздағы № 303-ІІ Заңы
(2026.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдар
2-1-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2-тарау. БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
3-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысу құқығы
4-бап. Омарталарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру тәртібі
5-бап. Омартаны құру және жерді пайдалану
6-бап. Омарталарды орналастыру
7-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға салық салу
3-тарау. БАЛ АРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ
8-бап. Бал араларды қорғау және молықтыру
9-бап. Бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындарын және орын ауыстыру жолдарын қорғау
10-бап. Бал араларын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар және басқа да препараттар қолданылған кезде қорғау
11-бап. Орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде бал араларын қорғау
12-бап. Бал араларын мекендеу ортасы жағдайында қорғау
13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру). Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау
4-тарау. БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
14-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
14-1-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
15-бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу
16-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы ветеринариялық-санитариялық сараптама
17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
18-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу
19-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) аналық бал ара - молықтыру функциясын орындайтын, дамыған жыныстық жүйесі бар бал ара ұясының дара аналығы;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) аспаптық ұрықтандыру пункті - арнайы жабдықты пайдаланып, аналық бал араларды жасанды ұрықтандыру жүргізілетін арнаулы үй-жай;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) асыл тұқымды аналық бал ара - ұрпағына тұрақты түрде беретін асыл тұқымдық құндылығымен сипатталатын, өнімділігі жоғары бал ара ұясының таза тұқымды аналық бал арасы;
2) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) асыл тұқымды бал ара ұясы - асыл тұқымды аналық бал арадан, сондай-ақ бал аралардан, аталық бал арадан және белсенді кезеңде асыл тұқымды аналық бал арадан алынған тұқымдықтан тұратын өнімділігі жоғары тұтас биологиялық бірлік;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) аталық бал ара - молықтыру функциясын орындайтын бал ара ұясының дара аталығы;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) бал - бал аралардың жинаушылық және физиологиялық қасиеттері нәтижесінде алынған, өсімдіктер шірнесінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінің бөліндісінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінде паразиттік тіршілік ететін жәндіктердің бөліндісінен пайда болатын, бал аралар жинайтын, өздері бөлетін ерекше заттарымен араластырып түрлендіретін, кәрездер ұяшығына салатын, сусыздандыратын, жинақтайтын және пісіп-жетілуі үшін кәрездерде қалдыратын табиғи өнім;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) бал аралардың кәрез пакеті - тасымалдау үшін жәшікке жиналған, кәрездері мен тұқымдығы бар бал ара ұясы;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-4) бал аралардың кәрезсіз пакеті - тасымалдауға арналған, кәрезсіз жәшіктегі аналық бал ара мен қорегі бар бал аралар;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бал араның бал ұясы - бір немесе бірнеше бал ара ұясын ұстауға арналған құрылысжай;
5) бал арасын қорғау құралдары - бал ара шаруашылығында пайдаланылатын иммундық-биологиялық, биологиялық, өсiмдiктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық және басқа да ветеринариялық препараттар;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) бал ара тұқымы - белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда қалыптасқан, селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы нәтижесінде морфологиялық, физиологиялық және шаруашылықта пайдалы қасиеттерді іріктеу, сұрыптау арқылы сүйемелденетін, мұрагерлік бойынша тұрақты түрде берілетін белгілер жиынтығына ие жалпы тектес бал ара ұяларының тобы;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) балауыз тетік - бал ара немесе аталық бал ара ұяшықтарының бедерлі түбі бар балауыз парақ;
8) бал ара ұяларының зиянкестерi - бал араларын жеу мақсаты үшiн өлтiретiн немесе балды ұрлау және (немесе) бүлдiру арқылы бал ара ұясына зиян келтiретiн жануарлардың, құстар мен жәндiктердiң жекелеген түрлерi;
9) бал ара ұяларын тасымалдау (көшiру) - бал ара ұяларын бал жинауға және энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыруға шығару;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) бал ара ұясы - аналық бал арадан, бал аралардан, аталық бал аралардан, белсенді кезеңде тұқымдығы бар ұядан және қоректен тұратын қоғамдастық;
11) бал ара шаруашылығы - жұмыс iстеу негiзi энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыру мен олардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бал араны өсiру, ұстау және пайдалану, бал ара шаруашылығы өнiмдерiн алу болып табылатын ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң саласы;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) бал ара шаруашылығы өнімдері - бал ара ұясының жинаушылық және физиологиялық қасиеттері арқасында алынған өнімдер;
13) бал ара шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - бал ара шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) көшпелi омарта - орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерiнде немесе энтомофильдi өсiмдiктер алабында орналасатын омарта;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) оқшауланған шағылыстыру пункті - бал аралардың аудандастырылған тұқымдарын, бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтауға, жақсартуға және молықтыруға арналған, жергілікті жердің әдейі таңдалған учаскесі;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) омарта - бал ара ұялары бар белгілі бір жерде орналастырылған бал араның бал ұялары;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) омартаның ветеринариялық паспорты - омартаның иесі, бал ара ұяларының саны, жүргізілген ветеринариялық өңдеулердің мерзімі мен сипаты көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;
16) тұрақты омарта - бір жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта;
17) энтомофильдi өсiмдiктер - жәндіктер тозаңдандыратын өсiмдiктер.
2-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты - бал ара шаруашылығын дамыту, сондай-ақ бал араларды қорғау мен сақтау үшін жағдай жасау.
2. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:
1) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;
2) бал ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру және дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру;
4) бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды есепке алуды ұйымдастыру;
5) бал ара шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау.
3. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:
1) бал ара тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) бал ара шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау;
3) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тең қолжетімділік;
4) бал ара шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы;
5) бал ара шаруашылығын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
2-тарау. Бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру
3-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысу құқығы
1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығымен айналысуға құқығы бар.
2. Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін мемлекеттік органның қандай да бір рұқсатын алу талап етілмейді.
4-бап. Омарталарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру тәртібі
1. Омарталарды орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда жер учаскелері беріледі.
2. Орман қорының жеріне омарталар орналастыру орман ортасына зиян келтірілмей, Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерінде омарталарды орналастыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Омартаны құру және жерді пайдалану
1. Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлға бал ара ұяларын омарта құрады, оның қосалқы үй-жайы мен құралдары болады және өзінің пайдалануындағы жер учаскесінде орналастырылады. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке немесе заңды тұлға жер туралы заңдарға сәйкес жер учаскесінің меншік иелерімен және жерді пайдаланушылармен келісе отырып, басқа жер учаскесін пайдалана алады.
2. Жеке және заңды тұлғалар күтіп ұстай алатын бал ара ұяларының санына шек қойылмайды.
3. Омарталарда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен бал араларының Қазақстан Республикасында тұқымдық аудандастыру жоспарына сәйкес белгілі бір жерде аудандастырылған тұқымдардың бал аралары ғана ұсталуға тиіс.
6-бап. Омарталарды орналастыру
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін орындарда орналастырады. Омарталарды қауіпсіз орналастыруды реттеу тәртібін аудандық (қалалық) атқарушы органдар белгілейді.
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және стационарлық омарталардан үш километр қашықтықта бал жинау көздерінде орналастырылуға тиіс.
Стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарды энтомофильді өсімдіктерді егу және (немесе) отырғызу арқылы іргелес аумақтарда бал шырынды базаны ұйымдастыратын стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарға бес километрге жақын жерде орналастыруға жол берілмейді.
Стационарлық және көшпелі омарталарды бұрын орналастырылған басқа омартадан бал жинау көздеріне қарай бал аралардың ұшу жолында орналастыруға жол берілмейді.
7-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға салық салу
1. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленбеген салықтар мен басқа да төлемдерді енгізуге және жинауға тыйым салынады.
3-тарау. Бал араларды қорғау
8-бап. Бал араларды қорғау және молықтыру
Бал араларын қорғауды және молықтыруды меншік иесі:
1) бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындары мен орын ауыстыру жолдарын қорғау;
2) омарталарға ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету;
3) бал аралар орналасқан ареалдарда бал ара ұяларының оңтайлы санын қамтамасыз ету;
4) бал араларын ғылыми негізделген түрде және ұтымды пайдалану;
5) бал ара ұяларын бұзып қирату мен қасақана жоюдың алдын алу жөнінде шаралар қолдану;
6) өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде бал араларын қорғау;
7) бал араларын сақтауға бағытталған қызметке жәрдемдесу арқылы жүзеге асырады.
9-бап. Бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындарын және орын ауыстыру жолдарын қорғау
Бал аралар санының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау, олардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шараларды, бал араларын сақтау және олардың тіршілігі үшін ерекше құнды саналатын учаскелер мен өсімдіктерге қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге міндетті.
10-бап. Бал араларын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар және басқа да препараттар қолданылған кезде қорғау
1. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолданатын жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуынан бес күн бұрын осы жайында өңделетін учаскелерден жеті километрге дейінгі радиуста омарталары бар омарташылары бар омарташыларға жазбаша ескертуге, қолданылатын препарат, оның уыттылығы және оқшаулау мерзімдері туралы хабарлауға міндетті.
11-бап. Орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде бал араларын қорғау
Тұрақты омарталар орналасқан жерден үш километрге дейінгі радиуста, ормандардың санитариялық жай-күйін және оларды молықтыру жағдайларын жақсартатын реттерді қоспағанда, бал жинау көздері - ағаштар мен бұталарды кесуге, сондай-ақ сәмбі тал қабығын дайындауға тыйым салынады.
12-бап. Бал араларын мекендеу ортасы жағдайында қорғау
1. Бал араларының пайдалы қасиеттерін пайдалану, сондай-ақ олар мекендейтін орта жағдайында бал ара шаруашылығы өнімдерін алу жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бал аралар мекендеген орта жағдайларында ұяларды және бал ара ұялары орналасқан басқа да жерлерді бұзып қиратуға, сондай-ақ бал ара ұяларынан бал алуға жол берілмейді.
3. Егер бал ара ұясы өзі мекендейтін орта жағдайында адамның тіршілігін қиындатса, мұндай бал ара ұясын көшіру мүмкін болмаған кезде, көшіру немесе жою бал ара шаруашылығы саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіледі.
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру). Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау
Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру) ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс. Тасымалдауды (көшіруді) жүзеге асыратын көлік құралдарын кідірту бал ара ұяларына құрып кету қауіптерін төндірмей жүргізілуге тиіс.
Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Бал ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
14-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бал ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) берілген өкілеттіктер шегінде бал ара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;
5) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) бал ара шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) бал араларды қорғау мен молықтыруға бағытталған ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруды;
10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді
14-1-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылауды;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыруды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіруді;
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бал араларды қорғау, молықтыру және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды және (немесе) қамтамасыз етуді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу
1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу, сондай-ақ балауыз тетіктерін өндіру Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекiткен аса қауiптi аурулар тiзбесiне енгiзілген ауруларға қарсы күресу мақсатында ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Омарталарды есепке алу және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар әрбір омартаға ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысанда омартаның ветеринариялық паспортын береді.
16-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы ветеринариялық-санитариялық сараптама
Бал ара шаруашылығының өндірілген немесе дайындалған өнімдері Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілгеннен кейін өткізілуге тиіс.
2026.19.06. № 319-VIII ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы
1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығы саласындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) өсіру және (немесе) өткізу жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бал аралардың аудандастырылған тұқымдары мен бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтау, жақсарту және молықтыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктін және (немесе) аспаптық ұрықтандыру пунктін аша алады.
3. Жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктінде қызметін жүзеге асыру кезінде бір мезгілде мынадай талаптарды сақтауы қажет:
1) ұрықтандырылмаған аналық бал араларды шығу тегі белгілі бір тұқымның аталық бал араларымен бақыланатын жұптастыру бойынша қызметтер көрсету;
2) оқшауланған шағылыстыру пункті жұмысының бүкіл кезеңінде тиісті сападағы аталық ұяларды күтіп-ұстау және аталық бал аралардың жеткілікті санының болуы;
3) аналық бал араның жұмыртқа салуының басталуы туралы құжатты және аталық ұялардың шығу тегі туралы деректерді беру;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де талаптарды сақтау.
4. Оқшауланған шағылыстыру пункті үшін берілген жергілікті жер учаскесінің айналасында радиусы жеті километр болатын қорғаныш аймағы белгіленеді. Қорғаныш аймағына селекциялық процеске қатыспайтын аталық бал аралары бар бал ара ұяларын әкелуге тыйым салынады.
5-тарау. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
18-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу
Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарының бұзылу салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтеледі.