1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық мынадай негіздер бойынша:
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстiң 488-бабының талаптарына сай келмесе;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) кассациялық шағымды, наразылықты осы Кодекстiң 486-бабына сәйкес, заңды күшiне енген осы сот актісіне шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстiң 487-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) кассациялық шағым, наразылық мәнi бойынша қаралғанға дейiн олар керi қайтарып алынса;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) кассациялық шағым осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.
6) 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Кассациялық шағымды, наразылықты қайтару үшін негіз болған, осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде қайтадан берілуі мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кассациялық шағым немесе наразылық осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үш тәулік ішінде хатпен кері қайтарылады.
490-бап. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
491-бап. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 492-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
492-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым келіп түскеннен кейін қылмыстық істі тиісті соттан талап етіп алдырады.
Істі алғаннан кейін кассациялық сатыдағы сот он тәулік ішінде тараптарға кассациялық шағымның, наразылықтың көшірмелерін, сондай-ақ сот отырысы өткізілетін күнді, уақытты, орынды көрсете отырып, істің кассациялық сатыдағы сотта қаралатыны туралы хабархат не соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кассациялық соттың судьясы кассациялық шағымды сотта қарауға дайындау кезінде тиісті маманнан қаралып отырған қылмыстық іс бойынша қолданылған заңдардың нормаларына қатысты ғылыми қорытынды сұратуға және қажет болған кезде оны сот отырысына шақыртуға құқылы.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 493-бап жаңа редакцияда
493-бап. Сот үкімінің, қаулысының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртіппен тексеру үшін сот үкімінің, қаулысының орындалуын алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 494-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кассациялық сатыдағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің кассациялық шағымы, ұсынуы, наразылығы бойынша қайта қаралып жатқанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы қатысып отырғанын хабарлауымен ашылады. Кассациялық шағымды берген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті. Тиісінше хабардар етілген тараптар келмеген не олардан тиісті арыз келіп түскен жағдайда, іс олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін. Осы Кодекстің 495-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші кассациялық шағым, наразылық берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кассациялық шағым, наразылық берген адам өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер кассациялық шағымды қорғаушы тарап берген болса, онда бірінші болып оның атынан өкілдік ететін процеске қатысушылар сөз алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Кассациялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан кассациялық шағымдар бойынша пікірін айтады, наразылықта көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер кассациялық шағымды, наразылықты айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз сөйлейді, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
Наразылықта жазылған уәждер мен дәлелдерді сот отырысында тиісті прокурор баяндауы мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Істі кассациялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 389-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, қаулысын, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы кассациялық шағымды, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, қаулысын, кассациялық сатының қаулысын өзгертеді;
3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі тоқтатады;
4) егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралған болса, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабы үшінші бөлігінің 2), 5) және 9) тармақтарында көзделген процестік құқық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.
Егер тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдаған іс бойынша сот талқылауы басталып кеткен болса, істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулының күшін жоюға болмайды.
8. 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9. Осы Кодекстің 433-бабында көрсетілген мән-жайлар үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болып табылады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 10-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың сот актілері, егер солар арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде заңды елеулі түрде бұзуға жол беріліп, ол қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, олардың күші жойылуға немесе олар өзгертілуге жатады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11. Егер істі апелляциялық, кассациялық сатыларда қарау кезінде істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық, кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 12-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Кассациялық сатыдағы сот соттың актілерін өзгертуге және:
1) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануына сәйкес жаза тағайындауға;
2) сот тағайындаған жазаны жеңілдетуге;
3) неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде, сотталған адам сотқа берілген айыптаудың шегінде қосымша жаза қолдануға;
4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгертуге;
5) қылмыстардың тиісті қайталануының болуын, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тануға;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша шартты түрде соттаудың күшін жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жоюға және осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жазаны, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса, тағайындауға;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
8) азаматтық талап қою, сондай-ақ процестік шығындарды өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде үкімге өзгерістер енгізуге;
9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сот тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді, бұл туралы қаулыда көрсетеді.
Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам күзетілуден дереу босатылуға жатады. Сот сотталған адамның назарына жеткізу және оны орындау үшін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін және қабылданған шешім туралы телеграф хабарламасын дереу жібереді.
13. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, сот: істі жаңадан қараған кезде сот жасауы мүмкін мәселелер мен түйіндерді алдын ала шешуге, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін түйіндерді алдын ала шешуге құқылы емес.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 14-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 14-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемде тексереді және ұсынуда, наразылықта немесе кассациялық шағымда көрсетілмеген негіздер бойынша, егер бұл ретте сотталған адамның жағдайы нашарламайтын болса, оған өзгерістер енгізуге құқылы.
Сот актісіне өздеріне қатысты ұсыну, наразылық немесе кассациялық шағым келтірілмеген басқа сотталғандарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталғандардың жағдайы нашарламайтын болса, өзіне қатысты ұсыну, наразылық немесе кассациялық шағым келтірілген сотталған адаммен сыбайласып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жол беріледі.
Сот жағдайды нашарлату туралы шешімді ұсынуда, прокурордың наразылығында немесе жәбірленушінің кассациялық шағымында көрсетілген сотталғандарға (ақталғандарға) қатысты және сол негіздер бойынша ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның кассациялық шағымы немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің кассациялық шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.
Сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге сот құқылы емес.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 15-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
15. Облыстық сот төрағасының осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген ұсынуын қарау қорытындысы бойынша кассациялық саты апелляциялық алқаның екінші бір қаулысын қалдыра отырып, қаулыларының бірінің күшін жояды не екі қаулының да күшін жояды және істі жаңадан апелляциялық қарауға жібереді.
16. 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 19-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19. Кассациялық саты қарау қорытындысы бойынша осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қаулы нысанында қабылдайды. Қаулы осы Кодекстің 496-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
20. Сот үкімінің, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау және істі жаңадан қараған кезде шығарылған сот актілеріне шағым жасау, наразылық білдіру осы Кодекстің 497 және 498-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 21-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібере отырып, кассациялық сатыдағы қаулының күшін жойған жағдайда істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 495-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері
Осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті.
Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, алмастыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 68-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 496-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
496-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының мазмұны
Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысына төрағалық етуші және соттың құрамына кіретін барлық судьялар қол қояды.
497-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшi жойылғаннан кейін қарау
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Сот үкімінің немесе қаулысының күші кассациялық тәртіппен жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Кассациялық сатыдағы соттың нұсқаулары істі төмен тұрған сатыдағы сот қайта қараған кезде міндетті болады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының күшi жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты кассациялық тәртіппен жойылған болса ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот iстi жаңадан талқылау кезiнде шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн.
3. Алдыңғы үкімнің, қаулының күші жойылуына байланысты істі жаңадан талқылау кезінде шығарылған үкімді, қаулыны жоғары тұрған сот сатылары соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы тәртіппен қарауы мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 498-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 498-бап өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
498-бап. Істі жаңадан қарау кезінде шығарған сот үкімін және қаулысын қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық келтіру
Алдыңғы үкімнің немесе қаулының күші жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы негіздерде берілуі мүмкін.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 52-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
52-1-тарау. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНДА ҚАЙТА ҚАРАУ
498-1-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған сот актілері мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қозғайтын не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса;
2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатса;
3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық енгізуге құқылы.
Наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттарды қарау осы Кодекстің 486 - 489-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Заңды күшіне енген сот актілерін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін өзге де негіздер бойынша қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беру мерзімдері шектелмеген.
Заңды күшіне енген сот актілерін жазаның жеңілдігіне орай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігі уәждері бойынша немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға алып келетін өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беруіне кассациялық қараудан кейін алты ай ішінде жол беріледі.
Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді.
Егер қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына алты ай өткенге дейін келіп түссе, олар дау айтылып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап алты ай өткеннен кейін де сотталған адамның, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдана отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қаралуға жатады.
498-2-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуын енгізу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қылмыстық процеске қатысушылардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттілігі туралы өтінішхаты бойынша қылмыстық істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 498-1-бабында көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда:
1) ұсынудың шығарылған күні мен орны;
2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс;
3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері көрсетіледі.
Қылмыстық процеске қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.