Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1098 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
| Ділімбетова Гүлнәр Аманқұлқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
| Қубаев Мұхит Мұқатұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы |
| Рыспанов Нұрлан Бектасұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары |
| Әбдімомынов Мұрат Өсербайұлы | - «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Кваша Виктория Николаевна | - «Ақтөбе қаласының сал ауруларды қорғау қоғамы» Ақтөбе коғамдық бірлестігінің мүшесі (келісім бойынша) |
| Масалиева Дәрия Асқарқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту басқармасының бас сарапшысы, хатшы; |
көрсетілген құрамнан Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы, Жұмабаева Бақытжан Сапарғалиқызы, Дүйсенова Тамара Босымбекқызы, Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Кәкен Қарлығаш Ғазизқызы, Елемесов Омархан Көптілеуұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |